Лагерь аумағы мен инфрақұрылымы
Лагерь аумағы мен инфрақұрылымы
Лагерь айналасы 8000-ға жуық тал бар. Мұнда барлығы 12 ғимарат, 8 балаларға арналғанғимарат, 1 медпункт, 1 асхана бар.

Жатын бөлмелер
Лагерьде балаларға арналған жайлы жатын бөлмелер бар. Әр бөлме таза төсек-орынмен жабдықталған. Балалардың жаз мезгілінде демалуы үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай жағдай жасалған. Бір балаға 4 шаршы метрден санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай орын бөлінген.

Асхана
Лагердің асханасы типтік жоба бойынша 150 орындық тамақпен қамтамасыз етеді. Балалардың жаз мезгілінде ас ішуі үшін брусчатқалар төселінді, іс-шаралар жүргізілетін аудандық орны жаңадан салынды. Асхана үстінде «Астарыңыз дәмді болсын!» деген қазақша жазу балаларды қарсы алады.

Тұз бөлмесі (Галотерапия)
Лагерьде балалардың денсаулығын нығайтуға арналған арнайы тұз бөлмесі (галотерапия кабинеті) жабдықталған. Бөлме теңіз жағалауы тақырыбымен безендіріліп, жасыл, қызыл, сары және көк жарықтармен жарқырайды. Тұздың жауапты шипалы ауасы балалардың тыныс жолдарын емдеп, иммунитетін күшейтеді.

Спорт және белсенді демалыс
Лагерьде балалар үшін әртүрлі спорттық жабдықтар орнатылған. Жасанды жасыл шөппен қапталған футбол алаңы, тіл-жаратылыстық клуб, 12 үйірме және диспуттар мен дебаттар өткізілетін «Шаңырақ» лагерінде орын бар. Балалар жаздың ыстық күндерінде футбол ойнауға, спорт алаңдарында жаттығу жасауға мүмкіндік алады.

Медициналық қызмет
Медпункт балаларға сапалы қызмет жасап тұр. Онда изолятор болмесі, процедуралық кабинетке кажетті құрал-жабдықтармен, тіс емдеу бөлмесі және медбікелер толық қамтамасыз етілген. Балалар дәрігерлермен толық қамтамасыз етіліп, тіс дәрігерлермен толық қамтамасыз етілген.